Айжұлдыз Адайбекова мен Сәкен Қағаров Мальдивте не істегенін көрсетті

Мальдив аралдарына демалысқа аттанған актриса Айжұлдыз Адайбекова мен экстрим-блогер Сәкен Қағаров мұхит жағасындағы романтикалық кешкі астары қалай өткенін көрсетті. Ауа райының күрт бұзылғанына қарамастан, жұп бұл сәтті ерекше естелікке айналдыра білді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Сәкен сүйіктісі үшін мұхит жағасында романтикалық кешкі ас ұйымдастырғысы келгенін айтты. Алайда күтпеген жерден қатты жел тұрып, артынша нөсер жаңбыр басталған. Соған қарамастан, қос ғашық көңілдерін түсірмей, жағдайға күлкімен қараған.
— Бұл жаңбыр тіпті көңіл-күйімізді көтеріп жіберді, — деді Сәкен.
Олардың әсерлі кешінен кейін әлеуметтік желі қолданушылары да жылы пікірлерін қалдырды:
"Кәдімгі кешкі ас болса, онша әсерлі болмас еді, ал мынау эмоцияға толы!", "Міндетті түрде есте қалатын сәт", "Айжұлдыздың күлкісі — миллионға татиды", "Өмір бойы ұмытылмас романтика" деп жазды желідегілер.
Соңғы жаңалықтар





