Қазақстан халықаралық ұйымдарға төрағалыққа дайын
374
Біздің дипломатияның тарихы халықаралық құқыққа және көпжақты ынтымақтастықты институционализациялауға адалдығымызды көрсетеді. Астана мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық аспектілерінен бастап қауіпсіздік мәселелеріне дейінгі тақырыптардың кең ауқымы бойынша тең құқылы диалог пен сындарлы өзара іс-қимыл үшін кеңістік құрды.
Сондықтан да Қазақстанның Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес, Түркі мемлекеттері ұйымы, Аралды құтқару халықаралық қоры, Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымына төрағалығы біздің дипломатиямыздың сапалы жаңа деңгейге өтуі үшін шын мәнінде маңызды мүмкіндігі.
Біздің еліміз Қазақстанның халықаралық ұйымдардағы төрағалығы әлеуетінің синергетикасын қамтамасыз етуді басшылыққа алады, оның табыстылығы жалпы бүгінгі және болашақ мәселелері бойынша диалогтан ұтымды әрекеттерге көшу үшін жүйелі мәнге ие болады. Дипломатиялық дәстүріміздің елеулі оң тәжірибесін пайдалана отырып, Астана екіге бөлінген әлемдегі дипломатияның ең белсенді астаналарының бірі ретіндегі позициясын нығайтып келеді. Сонымен қатар, геосаяси шиеленістердің күшеюі жағдайында конструктивті бейбіт диалог пен дипломатияны қолдау кеңістігін кеңейтеді.
Мирас ЖИЕНБАЕВ, Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының еуропалық және америкалық зерттеулер бөлімінің жетекші сарапшысы
Соңғы жаңалықтар
14.09.2026
11:56
Баласын жалғыз тәрбиелейтін экс директор 2 жылғ...
14.09.2026
11:53
20 жастағы жігіт әжесін өлтіріп, қылмыс ізін жа...
14.09.2026
11:37
Қазақмыс жұмысшылар тұратын корпусты 214 млн те...
14.09.2026
11:32
Павлодарда Ертіс өзенінде қайық аударылып, бір ...
14.09.2026
11:00
«Байтақ» партиясы хатшысының 15 жастағы ұлы әке...
14.09.2026
10:16
«Антибиотик сала берген»: Актриса Гүлшат Тутова...