Павлодарда Ертіс өзенінде қайық аударылып, бір адам суға кетті

14.09.2026 11:32 Әсел МҰРАТ
Павлодарда Ертіс өзенінде қайық аударылып, бір адам суға кетті
118
Фото: Павлодар ТЖД

12 қыркүйекте Жанауыл ауылы маңында ішінде бес адам болған алюминий қайық аударылып кеткен, деп хабарлайды Politico.kz.

Құтқарушылардың мәліметінше, қайықта 5 адам болған. Олардың төртеуі өздігінен жағаға шығып үлгерген, ал бір адам суда жоғалып кеткен.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, құтқарушылар Ертіс өзенінде жоғалып кеткен ер адамды үшінші күн қатарынан іздеп жатыр. Іздеу жұмыстарына жедел-құтқару жасағының 6 құтқарушысы, 3 жүзу құралы және 2 эхолот жұмылдырылған.

Үш күн ішінде эхолоттың көмегімен өзен түбінің шамамен 35 шақырым аумағы зерттелді. Сондай-ақ 11 рет сүңгу жұмыстары жүргізіліп, сүңгуірлер шамамен 5 мың шаршы метр аумақты тексерген.

«112 пультіне хабарлама 12 қыркүйекте түсті. Жанауыл ауылы маңында ішінде бес адам болған алюминий қайық аударылып кеткен. Төрт адам судан шығып үлгерді. 1983 жылы туған ер адам суға батып кеткен болуы мүмкін. Іздеу жұмыстары жалғасып жатыр», – деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаменті.

Войдите, чтобы оставить комментарий