Қазақстан мен Қырғызстан өзара сауда көлемін 2 млрд долларға дейін жеткізбек
365
Қырғыз тарапының шақыруымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Бішкекке алғашқы ресми сапармен келді ҚР Сыртқы істер ведомствосының баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаевпен келіссөздер барысында екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері, саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылдың басым бағыттары қаралды. Достық, бауырластық, құрмет пен тату көршілік негізінде одақтастықты тереңдетуге өзара бейілдік расталды.

«Біздің елдеріміз сенімді одақтастар, өте жақын және бауырлас мемлекеттер. Біз достықтың мызғымас байланыстарымен, ғасырлар бойғы тарихымен, тілдердің жақындығымен және тығыз бауырлас тамырымен байланыстымыз», – деді М.Нұртілеу.



Соңғы жаңалықтар
14.09.2026
11:56
Баласын жалғыз тәрбиелейтін экс директор 2 жылғ...
14.09.2026
11:53
20 жастағы жігіт әжесін өлтіріп, қылмыс ізін жа...
14.09.2026
11:37
Қазақмыс жұмысшылар тұратын корпусты 214 млн те...
14.09.2026
11:32
Павлодарда Ертіс өзенінде қайық аударылып, бір ...
14.09.2026
11:00
«Байтақ» партиясы хатшысының 15 жастағы ұлы әке...
14.09.2026
10:16
«Антибиотик сала берген»: Актриса Гүлшат Тутова...