Қазақстандықтарды Кореяда ресми жұмысқа қабылдайтын бағдарлама қашан іске қосылады?
Оңтүстік Кореяның Қазақстандағы елшісі Чжо Тэ-ик қазақстандықтарды заңды жұмыспен қамту бағдарламасы қашан іске қосылатынын айтты.
"Осы жылы Қазақстанда жұмысқа орналасуға рұқсат беру жүйесін енгіземіз деп күтемін. Кейін қазақстандықтарға Кореяда 3 жыл жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Біз медициналық базалық сақтандыруды және зейнетақы аударымдарымен қаммтамасыз етуді ұсынамыз. Мұндай қорғау Кореяда жұмыс істейтін қазақстандық жұмысшылардың қауіпсіздігі мен әл-ауқаты үшін өте маңызды",-деді Чжо Тэ-ик.
Алайд елші жүйе аясында Кореяда жұмыс істегісі келетін қазақстандықтар тестілеуден өтетінін айтты.
“Тілдік кедергі мәселесі өте маңызды. Нұсқауларды дұрыс түсінбеу немесе кәріс қызметкерлерімен қарым-қатынас жасау қиындық тудыруы мүмкін. Сондықтан Кореяға жұмыс істеуге келген қазақстандық тілді белгілі бір деңгейде білуі керек. Корей тілінен шағын тест өткізіледі", - деп қосты ол.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
16:21
«Қош келдің, 48 жасым»: Алтынай Жорабаева туған...
28.10.2026
15:57
Алматыда ҚазҰУ-да студенттер мен оқытушылар шұғ...
28.10.2026
14:51
Қайрат Боранбаев жазадан шартты түрде мерзіміне...
28.10.2026
13:57
Екі ұлының көзінше өлтірілген Санияның ісі сотқ...
28.10.2026
13:52
Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова сүйінші с...
28.10.2026
12:50
«Той күні құрбысы қаза тапты»: Жанболат Найзабе...