Азамат Сатыбалды: Ұлым ерекше бала болып туды

06.11.2025 09:45 Берік Арманов
Азамат Сатыбалды: Ұлым ерекше бала болып туды
0
384

Тележүргізуші, кино және театр актері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Азамат Сатыбалды “Алғашқы” бағдарламасына берген сұхбатында тұңғышы дүниеге келер сәтте басынан өткен қиындықтар туралы айтып берді, деп хабарлайды POLITICO.KZ Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

Өнер иесінің айтуынша, жұбайы Назгүл Қарабалина ұлы Сұлтанға жүкті кезінде қатты ауырып, әлі дүние есігін ашпаған сәбиінің өміріне қауіп төнеді.

“Сұлтан ерекше бала болып туды. Біз баланы біраз уақыт күттік. Сұлтан Назгүлдің ішіне бітіп, жүктіліктің шамамен төртінші айында жұбайым қатты ауырып, дәрігерлер ауыр гормоналды дәрі салып жіберген. Содан дәрігерлер “Сұлтанды адам болмайды, дүниеге келмейді, алып тастау керек” деп айтты. Біз ол кезде жас отбасымыз, не үй жоқ. Мен қатты алаңдап, қорқып қалдым”, – деді ол

Жұлдызды жұп дәрігерлердің қарсылығына қарамастан, баланы алып тастаудан бас тартқан. 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий