Петропавлда жұмысшыны қамыр илейтін құрылғы ішіне тартып, мерт болды

13.10.2026 • 09:08 Қанат АЙБАР
Петропавлда жұмысшыны қамыр илейтін құрылғы ішіне тартып, мерт болды
167

Петропавлдағы «Sultan» макарон фабрикасында 35 жастағы жұмысшы қаза тапты. Алдын ала мәлімет бойынша, оны қамыр илейтін құрылғы ішіне тартып әкеткен, деп хабарлайды Politico.kz.

Қайғылы оқиға 12 қазан күні кешке болған. Ер адам қамыр илейтін құрылғыны тазалап жатқанда, ол іске қосылып кеткен. Салдарынан жұмысшы оқиға орнында қаза тапқан.

Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаментінің мәліметінше, еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу салдарынан адам өліміне әкеп соғу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Оқиғаның барлық мән жайын жан жақты әрі объективті анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның қорытындысы бойынша процестік шешім қабылданады», деп хабарлады полиция.

Полиция Қылмыстық-процестік кодекстің 200-бабына сәйкес еңбек инспекциясы мен кәсіпорын басшылығына ұсыныс енгізген. Оның мақсаты қайғылы жағдайға себеп болған мән жайларды жою.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Войдите, чтобы оставить комментарий