БҚО: су тасқынынан зардап шеккен 9671 отбасына көмек берілді
336
Бүгінде Батыс Қазақстан облысы бойынша су тасқынынан зардап шеккен 9671 отбасына 3 млрд 570 млн теңге көлемінде бір жолғы әлеуметтік көмек берілді, деп хабарлайды облыстық әкімдікің баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта тұрғындарға 150 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі әлеуметтік төлемдерді беру жұмыстары жалғасуда. Бүгінде 1 мыңға жуық отбасы аталған әлеуметтік көмекті алды.
Су тасқынынан зардап шеккен 5 ауданның тұрғындары үшін 401 үйдің құрылысы жүріп жатыр. Тиісті мердігер компаниялар анықталды.
Бұдан бөлек, Орал қаласындағы саяжай тұрғындары тарапынан туындайтын құқықтық мәселелер бойынша арнайы жедел топ жұмыс істеуде. Қазіргі уакытта саяжайлардағы шығындарды есептеу жөніндегі комиссия штаттық режимде жұмыс істеп, бағалау жұмыстарын жүргізуде.«Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға жан-жақты қолдау көрсетілуде. Тұрғын үйлері жарамсыз болған 3 аудан бойынша үй сатып алуға 79 өтініш түскен. Бүгінгі күнге дейін аталған аудандар бойынша 567 млн теңгеге 27 үй сатып алынды. Сатып алу жұмыстары жалғасады. Құрылыс жұмыстарының сапасы мен уақытылы аяқталуын да тікелей бақылауда ұстап отырмыз», - деді облыс әкімі Нариман Төреғалиев.
Соңғы жаңалықтар
24.09.2026
17:57
Гәстрөлде қыздармен жүріп әйелімді көп ренжітті...
24.09.2026
17:39
Алмат Сақатов: Ескертулерден кейін аздап басылдым
24.09.2026
17:15
Танымал блогердің әйелі: Мен жүкті болып қалған...
24.09.2026
16:56
Тоқаев Маңғыстауда қаза тапқан әскери қызметшіл...
24.09.2026
16:48
Айтуған Ғалымовтың әйелі: Тоқалға қарсылығым үш...
24.09.2026
16:44
«Сәлемді алмау – нағыз мәдениетсіздік»: Меруерт...