Бағанашыл балалары билікке тағы үндеу жасады

Бағанашыл балалары билікке тағы үндеу жасады, деп хабарлайды POLITICO.KZ тілшісі ВЫХОД К ПРАВДЕ арнасына сілтеме жасап
Бағанашылдағы балалар үйінің балалары жергілікті билікке бейнеүндеу жолдады.
— Бізді бөлмей, бірге қалдыруды сұраймыз. Бұған дейін жөндеу жұмыстары кезінде ешкімді ажыратпаймыз деп уәде бергенсіздер. Енді басқа ақпарат естіп жатырмыз. Бізде екі ғимарат бар, соның бірі бос тұр. Алдымен сол бос тұрған корпусты жөндеп, барлық баланы сонда көшіріп, кейін негізгі ғимаратты жөндеуге неге болмайды? Егер шын мәнінде тиімді жол іздесеңіздер, біз ұсынған нұсқа — ең қолайлысы.
Балалардың айтуынша, жақында оларға Президент әкімшілігінің өкілдері келіп кеткен. Сол кезде жөндеу жұмыстары ерте дегенде келесі жылдың көктемінде басталады деп айтылған. Сондай-ақ барлығын сол бос тұрған корпусқа немесе отбасылық үлгідегі үйлерге көшіреміз деп сендірген.
— Біз өз үйімізде қалғымыз келеді!, — дейді балалар.
Айта кетейік, 21 шілде күні Тоқаевтың тапсырмасымен Бағанашылдағы балалар үйі Қонаевқа көшірілмейтін болған еді.
Соңғы жаңалықтар





