Бағдагүл емші Баян Мақсатқызы туралы тағы да даулы мәлімдеме жасады
Өзін емші ретінде таныстыратын Бағдагүл есімді TikTok қолданушысы продюсер Баян Мақсатқызына қатысты тағы да даулы мәлімдеме жасады. Бұл туралы Ozgeris.info сайты хабарлады.
Тікелей эфир барысында желі қолданушыларының бірі Бағдагүлден Баян Мақсатқызына қарсы әрекеттер туралы сұраған.
«Сіз мына Баян Мақсатқызымен күресіп жатырсыз ғой. Қазір біз барлығымыз концертке бойкот жариялап, Баянды үйінен шыға алмайтындай етсек...» – дейді желі қолданушысы.
Бұған жауап берген Бағдагүл мұндай қадамға әлі ерте екенін айтып, көпшіліктің назарын аударған пікір білдірді.
«Үйінен шығармайтындай жағдайға жеткізу әлі ерте. Ол жағдайға балаларды дайындап қойдым. Әзірге бұл қатынның түзелгенін күтемін. Қазір бетімен кеткен қатын көп», – деді ол.
Айта кетейік, соңғы уақытта Бағдагүл емші мен Баян Мақсатқызының арасында әлеуметтік желіде бірнеше рет пікір қайшылығы туындап, бұл тақырып қызу талқыға түскен еді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
09.11.2026
22:54
Алматыда көлік жүргізіп бейнежазба түсірген әйе...
09.11.2026
20:13
Петропавл полициясы асқабақ ұрлағандарды іздест...
09.11.2026
18:55
«Тірі қалғандарың өкінішті»: Ашаршылықты келеме...
09.11.2026
18:44
Қазақстандағы ең жүктемесі көп 10 ақылы автожол...
09.11.2026
17:23
Қазақстандағы оқиға әлемдегі ең бай адамның наз...
09.11.2026
17:07
ҚазҰУ жатақханасындағы студент өлімі: оқиға тур...