Балаларға мысықтың етін берген Сманов қылмыстық жауапкершіліктен құтылып кетті
418
Шымкент қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жабық сот отырысында Ұлықбек Смановқа қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды politico.kz Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.
Қалалық сот хабарлағандай, мамандандырылған ауданаралық сотта ҚК-нің 140-бабының 2-бөлігі (балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау), ҚК-нің 110-бабы 2-бөлігінің 1) ,2) тармақтары (азаптау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы өтінішхатымен келіп түскен қылмыстық іс қаралды.
«Сот анықтағандай, сот-психиатриялық сараптамасының қорытындысына сәйкес, У.Сманов созылмалы және психикалық аурумен ауырады және өз іс-әрекеттерін жасау кезінде ес-түссіз жағдайда болған. Бұл жағдай заң бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартуды жоққа шығарады. Сот ҚК-нің 16-бабына сәйкес У.Смановты қылмыстық жауаптылықтан босатып, оған мамандандырылған психиатриялық стационарда емдеуге мәжбүрлеу түріндегі медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын тағайындады», - делінген хабарламада.Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігіне, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармаларының қорғаншылық және қамқоршылық органдарына, сондай-ақ Шымкент қалалық полиция департаментіне балаларды психикалық аурумен ауыратын адамның қамқорлығына беру фактісі бойынша жеке қаулылар шығарылды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ. Шымкентте жетім балаларды жылдар бойы қорлап, мысықтың еті мен зәрін берген Ұлықбек Сманов деген емшінің 6 баланы қалай және қайдан асырап алғаны туралы бұған дейін жазған болатынбыз. Сондай-ақ бұған дейін асырап алған балаларына қорлық көрсеткен «жындыханадағы» емші Ұлықбек Смановтың 4 жастағы егіздері туралы жаңа мәліметтер белгілі болды. Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев
Соңғы жаңалықтар
25.08.2026
23:09
Алматыдағы «Гаухартас» тұрғын үй кешенінде өрт ...
25.08.2026
22:38
Тоқаев пен Бердімұхамедов телефон арқылы сөйлес...
25.08.2026
21:38
Әлем көшбасшылары Тоқаевты Құрылтай сайлауының ...
25.08.2026
20:43
Құрбысы: Күйеуі Мадинаның алтындары мен "айфоны...
25.08.2026
20:36
Астанада декреттегі әйел жалдамалы пәтерден ірі...
25.08.2026
19:45
Мадинаның құрбысы: Енесі «Келін бізге сор болды...