Тоқаев бюджет қаржысының әр тиынына бақылау орнатуды тапсырды

Тоқаев бюджет қаржысының әр тиынына бақылау орнатуды тапсырды
Фото:Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Халықтық құрылыс» бағдарламасын жүзеге асыру кезінде бюджет қаражатының жұмсалуын қатаң бақылауға алу қажеттігін мәлімдеді, деп хабарлайды Politico.kz.

Президенттің айтуынша, бағдарламаның орындалуын қадағалау үшін арнайы мемлекеттік комиссия құрылуы тиіс. Бұл туралы Мемлекет басшысының кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінше, комиссия құрамына салалық ведомстволардың басшылары, Құрылтай мен мәслихат депутаттары, Халық Кеңесінің мүшелері, қоғам қайраткерлері, белсенділер, волонтерлер және журналистер кіреді.

Мемлекет басшысы бұл бастаманы 28 қазандағы дәстүрлі Жолдауында көтергенін атап өтті. Оның пікірінше, бағдарламаны жүзеге асыру барысында бюджет қаражатының мақсатты әрі ашық жұмсалуын бақылау маңызды.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу