"Балалар мерекесінде аниматор болдым". Жұлдыз Өмірғали алғашқы жұмысы туралы айтты

09.10.2026 • 18:39 Томирис САҒЫНДЫҚ
164
Фото: іnstagram.com/zhuldyzomirgali_official/?hl=ru

Танымал әнші, актриса Жұлдыз Өмірғали сахнада өнер көрсеткенге дейін түрлі балалар мерекесінде аниматор болып жұмыс істегенін айтты, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл туралы әнші НТК Show бағдарламасында айтты.

"Иә, сен жасанды шашпен шықтың делік. Ал неге басқаша шықпасқа? Бұл — сахна, бұл — образ. Жаңағы кәдімгі қара шалбар мен ақ жейде киіп шығатын орын емес қой бұл жерге. Сен барынша образға сәйкес келіп, мысалы, бишілер ана жақта қызыл шашпен, мелированиемен, дредімен шығып жатады. Неге әртістен ондай дүние күтпеске? Ондай каре, мысалы, шетелдік әртістер олар тіпті парик киіп алып, тобыққа дейін жететін шашпен шығып жатады", — деді әнші.

Ары қарай әнші бұрын балалар аниматоры болып жұмыс істегендіктен, сахнаға әртүрлі образбен шыққанды ұнататынын айтты. 

"Бірінші, өшпес із болып қалған ба, алғашқы жұмыстарымның бірі — аниматор болу еді. Балалардың мейрамдарында Маша болдым, орман перісі болдым. Ол кезде жасыл шашпен шығып, сөйтіп өзіме тәжірибе жасау, жаңа киім кию ұнайтын", — деді Жұлдыз Өмірғали.

Ары қарай әнші Садраддиннің атышулы образына қатысты пікір білдірді. 

"Менің білуімше, «КешYOU» тобының құрамына ол сахналық киімдерді не Назгүл Аруназ дайындады, не Кәуменова дайындады. Нақты білмеймін, бірақ менің ойымша, Назым дайындаған. Және де Садраддиннің де сахналық киімі — Назымдікі. Бір жаратушыдан шыққан дүние болғандықтан, менің ойымша, қолтаңбасы көрініп тұр. Көрдім. Ерекше, көз тартарлық. Ол — әңгіме болсын деген киім сияқты, сондықтан да талқылануға лайықты бейне болғаннан кейін ол талқыланып жатыр. Өз дегендеріне жетті", — деді әнші. 

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Войдите, чтобы оставить комментарий