«Балалары қарап тұрған». Қарағандыда араққа тойып алған ер адам әйелін пышақтап өлтірді
1428
Қарағандыда әйелін пышақтап өлтірді деп айыпталған күдіктіге қатысты сот отырысы өтті.
КТК арнасының мәліметінше, 51 жастағы ер адам қылмысты балаларының көзінше жасаған. Сот отырысында күдікті кінәсін толық мойындады.
Жек көріп, іс-әрекетінің әлеуметтік қоғамдық сипатын түсініп, мас күйінде қасақана үш рет пышақтап, қашып кеткен, – деді прокурор Жанқуат Ахмедин.Қылмыс жасаған соң күдікті ауланы айналып біраз жүріп, есін жиғанда полицияға өзі берілген. Күдіктінің айтуынша, әйелімен жанжал сол күні таңертең басталған. Бір ай бойы жұмыссыз жатқандықтан, таңертең үйден жұмыс іздеп шығып кетіпті. Екі қолға күрек таппай сағат бес шамасында бір шөлмек арағын алып қайтып келген. Ішіп алған соң ұрыс-керіс жалғасып, балалары полиция шақырған. Шақыртуға келген тәртіп сақшылары тек ескерту жасап, кетіп қалған. Полиция кете сала, күдікті әйелін пышақтап өлтіріпті. Ерлі-зайыптылар осыдан 10 жыл бұрын ресми ажырасқанымен, бірге тұрып келіпті. Күдікті кінәсін толық мойындап, алқабилер сотынан да бас тартқан. Марқұмның артында 17 және 15 жастағы ұлы мен қызы қалды. Айыпталушы қалай қылмыс жасағанын білмейтінін айтты.
Соңғы жаңалықтар
30.07.2026
12:27
Наркенже Серікбаева екінші рет ұзатылған блогер...
30.07.2026
12:15
Каспий құбыр консорциумы терминалындағы тағы ек...
30.07.2026
11:52
Анасы полицияның Нұрайға қалай қысым көрсеткені...
30.07.2026
11:52
"Шақырмады": Сәбиттің ұлы қарындасының тойына н...
30.07.2026
10:52
Танымал блогер әрі спортшы Айтым Жақыпов жауапқ...
30.07.2026
10:40
Балқашта алтын мен күміс те шығаратын алып мыс ...