“Бақұл болыңыз”: Нұрғали Нүсіпжанов отбасындағы қайғылы хабарды жеткізді
Елге танымал әнші Нұрғали Нүсіпжанов әлеуметтік желідегі парақшасында жан тебірентерлік жазба жариялап, оқырманын толқытты, деп хабарлайды politico.kz.
Өнер иесі бұл жазбасында жары Жадыра Сейдештің анасының өмірден өткенін айтып, отбасы үшін бұл қазаның қаншалықты ауыр соққы болғанын ашық жеткізді. Әнші марқұм енесіне деген сағынышын, жүрекке түскен мұң мен жан ауыртқан күйзелісті шынайы сөзбен сипаттаған.
Нұрғали Нүсіпжановтың айтуынша, бұл қайғы әсіресе жұбайына оңай тиген жоқ. Ол Жадыраның өзін жалғыз сезініп жүргенін, анасын қатты сағынатынын жасырмай жазды. Әнші жарының жан күйзелісін жеңілдету үшін қолдан келгенін жасап жүргенін, шығармашылықтың өзі оған рухани демеу болатынына сенетінін де атап өтті.
«Қайтейін, Жадыраңыз жалғызсырап-ақ қалды-ау… Уақыт емші… Бірақ көзіндегі мұң көлеңке сынды жан-дүниесін үнемі торитын сияқты», – деп жазды әнші.
Бұл әсерлі жазба желі қолданушыларының жүрегін елжіретіп, көпшілік марқұмға Алладан рақым тілеп, Нұрғали Нүсіпжанов пен оның отбасына көңіл айту мен қолдау білдірді.
Соңғы жаңалықтар