Бақыт Тұрман: Қайрат маған сезіміңді көрсетпейсің деп ренжиді
Мәдениет саласының үздігі, әнші Бақыт Тұрман өзінің махаббат тілі туралы сөз қозғады. Әншінің айтуынша, сезімін ашық көрсете алмайды, бірақ мұны іс-әрекет және қамқорлық арқылы білдіреді, деп хабарлайды Politico.kz.
Бұл туралы әнші НТК арнасының "Не дейді?" бағдарламасында айтты.
«Екеуі де дұрыс емес, ең дұрысы – менің артымнан жеті жыл жүгірді. Мен өзім сезімді білдіруге ұялатын адаммын. Сондықтан балаларыма да, ата-анама да, жолдасыма да сезімімді ашық түрде жеткізе бермеймін, жанымдағы адамға тура жеткізе алмаймын. Мен әрдайым айтамын, кейде Қайрат маған сезіміңді білдірмейсің деп ренжиді. Бірақ мен сезімді іс-әрекетпен, қамқорлықпен жеткізетін адаммын», – деді Бақыт Тұрман.
Сондай-ақ ол махаббат пен шынайы ниеттің сөзбен емес, нақты әрекеттермен өлшенетінін атап өтті.
«Мен саған жақсылық жасап жатырмын ба, яғни ол нәрсені сен үшін жасап жатырмын. Саған қамқорлықпен, сен үшін уайымдағаннан, саған деген сезіммен, жақсы болсын деп жасап жатырмын. Мұның өзі менің түсінігімде – махаббат деп ойлаймын. Өмірде сондай адамдар болады, кейбір адамдар өз сезімін солай білдіреді. Ал кейбір адамдар тек «жақсы көремін» деп айтады, бірақ істейтіні басқаша болып жатады. Сол себепті, мен өзім жақсы көретін адамыма қолымнан келгеннің барлығын жасауға тырысатын адаммын», – деді Бақыт Тұрман.
Соңғы жаңалықтар