«Бәрі бар, тек Нұрайым жоқ»: Нұрай Серікбайдың ағасы оқиға болған күні үйден не мақсатпен шыққанын айтты (ВИДЕО)
Шымкентте адам қолынан қаза тапқан Нұрай Серікбайдың ағасы Динара Сәтжанға сұхбат берді, деп хабарлайды Politico.kz.
Қайғылы жағдайдан кейін марқұм Нұрайдың туыстары мен жақындары оның адамгершілігі мен мейірімді мінезін еске алып, жүрекжарды пікірлерін білдірді.Ағасы Сұлтан Серікбайдың айтуынша, Нұрай отбасы үшін әрдайым ақылшы, дұрыс бағыт-бағдар көрсететін жан болған.
«Мен әрдайым онымен ақылдасатынмын, өйткені Нұрай өте таза ниетті адам еді. Ол үнемі дұрыс нәрсені айтып, барлығымызға ең жақсы шешім ұсынатын. Ешкімге жамандық тілемейтін. Біз оны бала күнінен құрметтеп, қадірлеп өстік», – дейді ол.
Жақындарының сөзінше, Нұрай кішкентайынан өнерлі болған. Қолынан келмейтіні жоқ еді тамақ пісіріп, сурет салып, би билеп, ән айтатын.Оқиға болған күні де ол үйде ағасына бәліш пісірмек болған. Қажетті заттардың бәрі дайын тұрған пеш қосулы, қант пен жұмыртқа бар. Тек ұн жетіспеген.
«Маған ұнайтын бәлішті пісіргісі келген еді. Ұн алайын деп үйдің жанындағы шағын маркетке шыққан. Бірақ сол дүкенге жетпеді», – деп еске алады ағасы.
Оның айтуынша, Нұрай өте нәзік, адамдарды сыйлайтын, ешқашан ұрыс-керіске араласпайтын жан болған.
«Ол соңына дейін адамгершілік танытып, барлығына құрметпен қарады», – деді ол.
Қайғылы оқиғаның мән-жайы бойынша тиісті органдар тергеу жүргізіп жатыр.
Соңғы жаңалықтар