Павлодар облысында көрші екі үйден екі мәйіт табылды

15.02.2026 11:36 Қарақат АСЫЛОВА
Павлодар облысында көрші екі үйден екі мәйіт табылды
154
Ашық дереккөзден
Көрші орналасқан екі үйден табылған мәйіттерге қатысты тергеу жүріп жатыр

13 ақпанда Павлодар облысының Майқайың кентінде көрші орналасқан екі тұрғын үйден ұзақ уақыт бойы жатқан екі мәйіт табылды, деп хабарлайды Politico.kz.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, көз жұмғандардың бірі шамамен екі жыл бұрын, екіншісі бірнеше ай бұрын қайтыс болуы мүмкін. Павлодар облысының полиция департаменті аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдарын бастады.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, мәйіттердің бірі қарт әйел тұрған үйден, екіншісі көрші баспанадан табылған. Бейресми болжам бойынша, марқұмдар туыстар болуы ықтимал. Алайда бұл ақпарат әзірге ресми түрде расталған жоқ.

Дәрігерлердің алаңдаушылығына отбасы мүшелерінің бірі ұзақ уақыт бойы медициналық тексеруге келмегені себеп болған. Мекенжайға барған мамандарға ешкім есік ашпаған.Сәуле Шакенева, Павлодар облысы бойынша бала құқығы жөніндегі уәкілдің мәліметінше, үйлердің бірінде анасы мен кішкентай қыз бірге тұрған. Қазір қыз бала ауруханаға жатқызылған.

Алдағы уақытта оны ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала ретінде Екібастұз қаласындағы балаларды қолдау орталығына орналастыру мәселесі қарастырылуда.

Уәкілдің айтуынша, туыстарының шешімімен қыз балабақшаға бармаған. Сондай-ақ мектепте де оқымаған, себебі оқу жылы басталғанда жасы небәрі беске толған. Қазіргі таңда медициналық тексеру нәтижелері бойынша оның денсаулығы қанағаттанарлық, көзге көрінетін ауытқулар байқалмайды. Балаға психолог мамандар көмек көрсетіп жатыр.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий