"Бәрі бітті...": әзілкеш Тұрсынбек Қабатов мәлімдеме жасады
Белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатов әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен Жүрсін Ерман мен Димаш Құдайбергеннің кездесуіне қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Politico.kz.
Бұған дейін желіде ақын мен әншінің кездесуі түсірілген бейнежазба тарап, көпшілік арасында түрлі пікір туғызған еді. Өнер иесі ақынның қазақ мәдениетіне қосқан үлесін атап өтіп, жұртты мән-жайды толық білмей тұрып асығыс қорытынды жасамауға шақырды.
"Бәрі бітті, енді Жүрсін аға қалды ма? Қазақ өнерін Жүрсін ағамыз секілді түсінетін адам аз. Ағамыз соңғы кезде ауырыңқырап жүр. Аға, 100 жасаңыз", – деді Тұрсынбек Қабатов.
Сондай-ақ ол парақша иелеріне үндеу жасап, ардақты азаматтардың беделіне нұқсан келтірмеуге үндеді.
"Көп парақшаларға айтарым, көрінген жаңалықтардың ақ-қарасын ажыратпай тұрып, 40–50 жыл ел үшін еңбек етіп жинаған абырой-беделін төкпейік. Керісінше, "ағамыздың жасын берсін Димашқа" деп неге жазбайсыздар?" – деп жазды ол.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
23:19
Испаниядағы ірі апаттан кейін Қазақстан СІМ мәл...
28.10.2026
22:18
6 жылға сотталған: Путиннен Қазақстанға әскер к...
28.10.2026
22:15
«Біз КСРО-да өмір сүріп жатқан жоқпыз»: Сабина ...
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...