Бас мүфти Шахановтың басына барып зиярат етті
1177
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ақын, Халық жазушысы Мұхтар Шахановтың қабіріне барып, зиярат етті, деп хабарлайды Politico.kz.
Бұл туралы ақынның жиен немересі Қайырхан Балғабеков хабарлады.
«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы атам Мұхтар Шахановның рухына Құран бағыштап, арнайы келіп зиярат етті. Алла тағала атамызды өз рақымына алып, жәннатынан орын нәсіп етсін», - деп жазды марқұмның жиен немересі.
Еске сала кетейік, Қазақстанның Еңбек Ері, ақын, Халық жазушысы Мұхтар Шаханов 19 сәуір күні дүниеден өткен еді. Ақынның сүйегі өз аманаты бойынша туған жері Түркістан облысы Отырар ауданына жерленді.
Бұған дейін Алматыдағы Розыбакиев көшесін Мұхтар Шахановтың атына ауыстыруға петиция жарияланған еді.
Соңғы жаңалықтар
13.09.2026
17:05
Арал ауданында учаскелік полиция инспекторы қаз...
13.09.2026
16:10
Қаскелеңде бір жылдан бері із-түзсіз кеткен әйе...
13.09.2026
15:14
Шетелдік блогермен видеоға түскен екі полиция қ...
13.09.2026
14:12
Головкин халықаралық спортта жоғары қызметке кө...
13.09.2026
13:15
Тоқаев Үндістанда Путиннің арнайы шақыруын алды
13.09.2026
12:06
Зеленскийден күтпеген мәлімдеме: Путинмен кезде...