"Басының төрттен бірі жоқ": Мөлдір Мұқанова Тұрсынбектің денсаулығы туралы
Журналист Жанар Байсеміздің YouTube-подкастына қонақ болған актриса және тележүргізуші Мөлдір Мұқанова бұрынғы жұбайы, белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың басына жасалған операция жайында әңгімелеп берді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Мөлдірдің айтуынша, Қабатовтың не себепті отаға түскені нақты белгісіз.
«Неліктен ота жасалғанын білмеймін. “Біреу ұрды ма?” деп те ойлап қалдым. Бірақ өзі “құлап қалдым” деп түсіндірді», – деді ол.
Оның сөзінше, операция өте күрделі болған.
«Адамның басы 100 пайыз болса, соның төрттен бір бөлігін алып тастаған. Бас сүйегін қайта орнына салу мүмкін болмағандықтан, орнына пластик қойыпты. Үйге келген соң ем қабылдады. Ер адам болған соң басына іс түссе, ең алдымен әйелін іздейді ғой. “Тұрсынбек, сен неге сондайсың?” деп күлдім. Өнер адамдары да ауырады, оған ешкім кепіл емес. Танымал болғандықтан, ел оның денсаулығына алаңдады. Біз де, балалары да уайымдап кеттік», – деді Мұқанова.
Өз кезегінде Тұрсынбек Қабатов ота себебін бастағы қанның ұйып қалуымен (тромбпен) түсіндірген еді.
«Жақында басыма операция жасалды. Тромб болып, басымның бір бөлігін алып тастауға тура келді. Қазір алдарыңызда жарты бас болып тұрмын. Егер көп сөйлеп кетсем, түсінерсіздер», – деп әзілдеген болатын шоумен.
Соңғы жаңалықтар