"Басқа қызға үйленіп кетті". Айнұр Тұрсынбаева баянсыз махаббат туралы баяндады
819
Белгілі айтыскер ақын, психолог Айнұр Тұрсынбаева студент кезіндегі көрші қыздың оқиғасын айтып берді.
“Осыдан 20 жыл уақыт бұрын бір қызбен сыйласып жүрдім. Оның туған сіңлісі Алматыда оқитын. Бір күні сол сіңлісі бізге жатақxанаға қонаққа келді. Өте сұлу қыз болатын. Сол кездің өзінде 5 уақыт намаз оқып жүрді. Бізге келген кезде жігітімен ренжісіп қиналып жүр екен. Сонымен не керек жатақxанадағы "данышпан қыздар" күнде отырып алып, ана қызға ақыл айтамыз. "Ренжітетін жігітті қой, сұлусың, жігіт табылады" деп миын ашытамыз. Бір күні қызымыз еңіреп жылады. "Мен оны сүйемін, онсыз өмір сүргім келмейді, өмір бойы сүйетін боламын, басқа ешкім керек жоқ!" деп бір-ақ кесті. 10-15 күннің ішінде ап-арық болып, жүдеп кетті. Сөйтіп жүргенде ол албасты жігіті басқа қызға үйленіп тынды. Депрессияның көкесі енді басталды! Сіңлісімен бірге әпкесі де, мамасы да қосылып жылайтын болды”, – деп бастады әңгімесін айтыскер ақын.
Арада уақыт өткенде сол қызды кездестіріп, әңгімелесудің сәті түсіпті.
"Мәссаған, сұлу қыз, бұрынғыдан да сұлу боп кетіпсің, 2 балаң бар екен ғой, уақыт деген қандай ә" деп бірден дайректке xат жаздым. Сосын Алматыда кездесіп шай іштік. Күйеуі заң саласында бастық, ұлы, қызы бар екен. Баяғы еңіреген қыз есейген, ақыл тоқтатқан. "Айнұр әпке, баяғы мені алмай кеткен жігітті көрдім. Күйеуімнің досы ішкілікке салынып, наркодиспансерде жатқан. Сол жердің ауласында отыр, наркоман екен. Сондай білімді жігіт сондай xәлге түседі деп кім ойлаған?!” – деп сырын ақтарды. Міне, қиындық пен әр сынақтың артында қуаныш бар дегеніміз осы емес пе?! Біздің бір жаман жеріміз асығамыз. Кез келген қиындық бітпейтіндей, өмір бойы жылап өтетіндей түңіліп кетеміз. Алланың өз есебі бар!”, – деп жазды коуч-психолог.
Соңғы жаңалықтар
23.04.2026
14:37
"Тиісуге болмайтын адамдар қалмады": Бас прокур...
23.04.2026
13:43
Алматыдағы театрға Асанәлі Әшімовтің есімі берілді
23.04.2026
13:04
Астанада өрттен үш баласынан айырылған әйелдің ...
23.04.2026
13:00
Атырауда әкім педофил туысының жаназасына қатыс...
23.04.2026
12:49
Неймар қазақстандық киберспортшымен кездесті
23.04.2026
12:38
Атыраудағы қанды оқиға: прокурор жаңа деректерд...