«Басыңды жұлып аламын»: Қостанайда дәрігерге қоқан-лоқы көрсеткен қария жауапқа тартылды

18.07.2026 12:27 Қарақат АСЫЛОВА
«Басыңды жұлып аламын»: Қостанайда дәрігерге қоқан-лоқы көрсеткен қария жауапқа тартылды
268
Ашық дереккөз

Қостанай қаласында медицина қызметкеріне тіл тигізіп, өміріне қауіп төндіретін сөздер айтқан 70 жастағы тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Politico.kz.

Оқиға әлеуметтік желіде жарияланған видеодан кейін белгілі болды. Кадрларда егде жастағы ер адамның медициналық мекеме қызметкеріне балағат сөздер айтып, қоқан-лоқы көрсеткені көрінеді. Ол әйелге күш қолданатынын айтып, қорқыту сипатындағы сөздер айтқан.

Жарияланымнан кейін полиция қызметкерлері бейнежазбадағы азаматтың жеке басын анықтап, оның Қостанай қаласының 70 жастағы тұрғыны екенін анықтады.

Тәртіп сақшылары ер адамға қатысты әкімшілік хаттама толтырды. Ол қоғамдық тәртіпті бұзып, айналасындағыларға құрметсіздік танытқаны, былапыт сөздер айтып, өзге адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлағаны үшін жауапқа тартылды.

Полиция департаменті медицина қызметкерлеріне немесе кез келген азаматқа қатысты қорқыту, агрессия көрсету және тіл тигізу заңмен жазаланатынын еске салып, мұндай әрекеттерге жол берілмейтінін атап өтті.

Войдите, чтобы оставить комментарий