Баян Алагөзова 8 наурызға алған қымбат сыйлығын көрсетті
Танымал продюсер Баян Алагөзова Халықаралық әйелдер күні қарсаңында алған ерекше сыйлығын көпшілікке көрсетті, деп хабарлайды Politico.kz.
Ozgeris.info сайтының мәліметінше, продюсердің жұбайы, кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзов оған әлемдегі ең беделді люкс брендтердің біріне тиесілі қымбат сағат сыйлаған.
Баян Алагөзова Instagram желісіндегі сторисінде жаңа әшекейін көрсетіп, «Сегізінші наурызды күтпей-ақ беріп қойды» және «Рақмет саған, махаббатым» деген жазба қалдырған.
Желі қолданушылары мен сарапшылардың пікірінше, продюсерге сыйланған бұйым швейцариялық Richard Mille брендінің RM 037 моделіне ұқсайды.
Бұл сағат «ультра-люкс» санатына жатады. Оның корпусы қызғылт алтыннан жасалып, гауһар тастармен әшекейленген.
Chrono24 халықаралық сауда платформасының мәліметіне сәйкес, аталған модельдің бағасы шамамен 200 мыңнан 450 мың долларға дейін жетуі мүмкін. Бұл теңгемен есептегенде 90–200 миллион теңге шамасында.
Мұндай қаражатқа Алматы қаласының орталығынан бірнеше пәтер сатып алуға немесе Bentley Bentayga мен Lamborghini Urus секілді премиум көліктердің бірін алуға болады.
Последние новости