Баян Алагөзова: Маған ешбір дін жақын емес

07.09.2026 11:11 Томирис САҒЫНДЫҚ
Баян Алагөзова: Маған ешбір дін жақын емес
145
Фото: instagram.com/bayanmaxatkyzy/

Продюсер әрі тележүргізуші Баян Алагөзова өмірлік дүниетанымы, Жаратушыға деген сенімі мен Тәңірлік философия жайлы ой қозғады, деп хабарлайды Politico.kz.

Баян Алагөзова бұл туралы Аман Тасығанмен болған сұқбатта әңгімеледі.

«Мынау ашық кеңістікте қалай орнығып тұрмыз, Ғаламда неге төмен құлап кетпейміз? Теңіз суы неге төгілмейді? Әрине, стратосфера, атмосфера, Жердің тартылыс күші сияқты құбылыстардың бар екені түсінікті. Бірақ осының бәрін Жаратушы бар екенін теріске шығара алмаймыз. Сол себепті маған ешқандай дін жақын емес, алайда мен өзімді осы Ғаламның бір бөлшегі, ал Ғаламды өзімнің бір бөлшегім деп сенемін. Бұл — ата-бабаларымыздың Тәңірлік философиясы», — деді продюсер.

Сонымен қатар ол тағдыр мен адам әрекетінің арақатынысына тоқталып, әркім өз өміріне жауапкершілікпен қарауы керектігін атап өтті.

«Меніңше, елу де елу. Яғни адам белгілі бір жұлдыздың астында дүниеге келгенімен, қол қусырып жатып, аспанға қарап: «Үлкен Жетіқарақшы жұлдызының астында тудым, өмірімде бәрі өздігінен реттеледі» десе, олай болмайды. Әрине, «Адам тырысады, іс өңіне айналады». Жаратушы тәуекелге баратын, алға ұмтылатын, қорықпайтын, жақсылыққа сенетін әрі мақсатына ұмтылатын жандарды жақсы көреді. Құдай сондай адамдарға жар болады. Ал бейқам жатқан, ештеңеге ұмтылмайтын адамға — өзің ештеңе қаламасаң, Құдай саған қалай жәрдем берсін?» — деді Баян Алагөзова.

Войдите, чтобы оставить комментарий