Баян Алагөзова Роза Рымбаеваға ерекше құрмет көрсетті
Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаева 2026 жылдың ақпан айында Алматыда мерейтойлық концерттерін өткізбек. Осы қуанышты жаңалыққа орай танымал продюсер, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Баян Алагөзова Instagram желісінде әншіге деген жылы ықыласын білдірді, деп хабарлайды Politico.kz
52 жастағы продюсер Роза Қуанышқызынан арнайы шақырту алғанын айтып, ризашылығын жеткізді. Алайда жеке өзі келе алмайтынын, оның орнына анасының барғанын қалайтынын атап өтті.
«Роза Қуанышқызы концертке шақырды. Көп рақмет! Өкінішке қарай, өзім қатыса алмаймын. Оның орнына анам барса деймін. Билеттер сатылымда. Қазақ эстрадасының ең үлкен жұлдызы сахнада жүргеніне 50 жыл толуын атап өткелі отыр», – деп жазды Баян Алагөзова 26 қаңтар күні Instagram Stories-та.
Сондай-ақ продюсер алдағы кештердің шын мәнінде аңызға айналатынын айтты.
Еске салайық, Роза Рымбаева 2026 жылдың 7 ақпанында Алматыдағы Республика сарайында екі мерейтойлық концерт өткізеді. Концерттер сағат 15:00 және 19:00-де басталады.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
29.10.2026
13:30
Атырауда қазандықта жарылыс болды (ВИДЕО)
29.10.2026
13:08
«Қолын қайырып алып кетті»: Павлодарда қайта са...
29.10.2026
13:03
«9 жыл бұрын екі жаққа кеткенбіз»: Олжас Абай б...
29.10.2026
12:51
Ақмола облысында екі баланың анасын өлтірген ер...
29.10.2026
12:31
«Борат» фильмі үшін Саша Барон Коэн қазақтардан...
29.10.2026
12:15
Асханадан саунаға дейін: «Қазақмыс» жұмысшыларғ...