Баян Алагөзова: Трагедия осымен жетер, кінәлілер жазалансын
Танымал продюсер Баян Алагөзова Каспийде қаза тапқан сарбаздардың өліміне қатысты пікір білдірді. Ол кінәлі азаматтардың шеніне қарамастан жазалануын талап етті, деп хабарлайды Politico.kz.
Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
«Вице-премьер Бозымбаев: «Барлық кінәлілер заңның ең қатал талаптарына сәйкес жазаланады», – деп мәлімдеді. Ол қазір Маңғыстауда үкіметтік комиссияны басқарып жатыр. Не болса да, кім болса да барлық кінәлілер жазалануы тиіс.... Трагедия осымен жетер», – деді Алагөзова.
Сондай-ақ ол қаралы хабарды жеткізу тәсілін сынға алды.
«Бұған қараудың өзі өте ауыр. Ата-аналарға балаларының қаза тапқанын хабарлаудың өзге жолы табылмағаны ма? Неліктен мұны жабық қақпаның арғы жағында қатардағы жай сарбаз айтып тұр? Мұны дәл осылай істеуге бұйрық берген мұншалықты тасжүрек қандай адамдар? Кінәлілер жазасын алуы тиіс, ал жоғары шенділерді ауыстырып, жалпы армияға реформа жасау қажет. Бұл Қазақстан әскеріндегі алғашқы да, соңғы да қайғылы оқиға емес. Аналар ұлдары үшін қорқады. Ал «әскер» деген сөздің өзі үрей туғызатын болды. Не болып жатыр өзі? Ерлер әйелдерді өлтіріп жатыр, әскер ерлерді өтіріп жатыр», – деді Баян Алагөзова.
Соңғы жаңалықтар