Баян Алагөзова жеке өміріне қатысты әсерлі видео жариялады

Қазақстандық танымал продюсер әрі актриса Баян Алагөзова (бұрынғы Алаузова) Instagram парақшасында жұбайы Тұрсын Алагөзов және кіші қызымен бірге түскен жанға жылулық сыйлайтын үй жағдайындағы видеосын жариялады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Бейнежазбада белгілі кәсіпкер әрі сүйікті әке Тұрсын Алагөзов кішкентай қызын ұйқыға дайындап жатқаны көрсетілген. Ол "Спокойной ночи, малыши" телебағдарламасынан белгілі "Спят усталые игрушки" атты тербету әнін орындай отырып, қызына әлдилеу айтады.
Композитор Аркадий Островскийдің әніне жазылған ақын Зоя Петрова мәтіні кішкентайға ұнағаны байқалады — бүлдіршін әкесінің құшағында үнсіз тыңдап отырады.
Бейнежазба түсірілген бөлмеде ойыншықтар салынған манеж, бірдей екі кішкентай горшок, сондай-ақ екі серуен арбасы — Алиса мен Алма есімді кішкентай ханшайымдарға арналған заттар көрініс табады. Бұл көрініс шынайы отбасы бақыты мен тыныштық атмосферасын бейнелейді.
Айта кетейік, жуырда Баян Алагөзова отбасымен бірге Стамбұлда демалып қайтқан болатын.
Соңғы жаңалықтар





