Баян Алагөзованың бұрынғы күйеуі өзінен 20 жас кіші қызбен көзге түсті

25.03.2026 13:27 Мөлдір Талғат
Баян Алагөзованың бұрынғы күйеуі өзінен 20 жас кіші қызбен көзге түсті
369
Фото: ашық дереккөз

Әлеуметтік желілерде белгілі продюсер Баян Алагөзованың бұрынғы күйеуі Бақытбек Есентаевқа қатысты жаңа ақпарат қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Politico.kz.

Талқылауға TikTok-та тараған фото себеп болған. Суретте, қолданушылардың айтуынша, Бақытбек Есентаев жас қызбен бірге түскен. Осыдан кейін желіде түрлі пікірлер көбейіп, көпшілік оған бақыт тілеп, кейбірі оның қайтадан үйленуі мүмкін екенін болжап жатыр.

Қолданушылардың бір бөлігі суреттегі қыздың Есентаевтан әлдеқайда жас екенін жазып, оның жеке өмірін қызу талқылауда. Алайда бұл ақпаратқа қатысты ресми растау жоқ.

Еске сала кетейік, 2016 жылы Бақытбек Есентаев жұбайы Баян Мақсатқызына қатысты қылмыс жасағаны үшін 9 жылға бас бостандығынан айырылған еді. 2022 жылдың жазында ол жазасының бір бөлігін өтеп, шартты түрде мерзімінен бұрын бостандыққа шықты.

Бостандыққа шыққаннан кейін және Баян Алагөзовамен ажырасқан соң, әлеуметтік желілердегі мәліметтерге сүйенсек, Есентаев өмір салтын өзгерткен. Ол денсаулығына көңіл бөліп, дұрыс тамақтануға көшіп, спортпен айналыса бастаған. Өз парақшасында жаттығулардан үзінділер мен пайдалы тағамдардың суреттерін жиі жариялайды. Қысқа уақыт ішінде оның сырт келбеті де өзгеріп, физикалық формасы айтарлықтай жақсарғаны байқалады.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий