Баян Мақсатқызы Меруерт Өтекешоваға уәде еткен пәтерін сыйлады (ВИДЕО)

17.07.2026 18:21 Қарақат АСЫЛОВА
Баян Мақсатқызы Меруерт Өтекешоваға уәде еткен пәтерін сыйлады (ВИДЕО)
338
Фото-коллаж: Politico.kz

Баян Мақсатқызы Меруерт Өтекешоваға уәде еткен пәтердің кілтін табыстады, деп хабарлайды Politico.kz.

Қазақстандық продюсер Баян Мақсатқызы бірнеше ай бұрын Қазақстанның халық әртісі Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйлайтынын айтқан еді. Енді ол берген уәдесін орындап, жаңа баспананың кілтін салтанатты түрде табыстады.

Бұл қуанышты сәтті продюсер әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Бейнежазбада Баян Мақсатқызы толықтай дайын, заманауи жиһаздармен және тұрмыстық техникамен жабдықталған пәтерді Меруерт Өтекешоваға көрсетіп, кілтін табыстап жатқанын көруге болады.

Сыйлыққа ерекше толқыған халық әртісі ризашылығын білдіріп, көзіне жас алғанын жасырмады.

«Сөзім жоқ! Екеуміз бір жердің тумасымыз ғой. Көп рақмет! Жылағым келіп тұр», – деді Меруерт Өтекешова.

Бұған қоса Баян Мақсатқызы өнер иесіне тағы бір тосынсый жасап, Түркияға 10 күндік демалысқа жолдама сыйлады.

Желі қолданушылары Баян Мақсатқызының бұл игі ісіне жоғары баға беріп, Меруерт Өтекешованы жаңа баспанасымен құттықтап жатыр.

Войдите, чтобы оставить комментарий