«Баян қалай айтса, солай болды»: Бағым Мұхитденова Мөлдірмен болған дауға қатысты үн қатты
Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатқан Мөлдір Әуелбековамен арадағы дауға қатысты продюсер Бағым Мұхитденова пікір білдірді, деп хабарлайды Politico.kz.
Ол «Revue News» бағдарламасына берген сұхбатында бұл тақырыпты қозғағысы келмейтінін айтып, жағдайдың Баян Мұхитденова бұған дейін мәлімдегендей болғанын жеткізді.
«Мен бұл сұраққа жауап бергім келмейді. Баян Мақсатқызы қалай айтса, дәл солай болды. Ол – рас. Мен өте ұзақ уақыттан бері ем қабылдап жүргенімді айтқым келмейді. Мені емдеп, жазып жібереді деп үміттенемін. Маған бұл тақырып жайлы айту жағымсыз. Сондықтан жауап бергім келмейді», – деді Бағым Мұхитденова.
Продюсер денсаулығына байланысты ем алып жүргенін де атап өтті. Алайда ол нақты қандай диагнозбен емделіп жатқанын жарияламады.
Айта кетейік, бұған дейін Баян Мақсатқызы мен Мөлдірдің арасында туындаған жағдай қоғамда қызу талқыланып, желі қолданушылары түрлі пікір білдірген болатын. Ал Бағым бұл мәселеге қатысты егжей-тегжейлі түсініктеме беруден бас тартып, өзінің қазіргі жағдайына назар аударуды жөн көретінін айтты.
Соңғы жаңалықтар