"Баян жағдайымызды түсініп отыр": Меруерт Өтекешова Баянның сыйы жайлы пікір білдірді

29.04.2026 18:14 Мөлдір Қайнар
143
Фото: коллаж politico.kz

Қазақ киносының аңызы Меруерт Өтекешоваға Баян Алагөзованың ай сайын миллион теңге беріп отыратынын жариялаған еді. Осы кезекте 24KZ тілшісі Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Меруерт Өтекешеваға хабарласып, мән-жайды біліп көрді.

Аңыз актриса бұл жаңалықты өзі де әлеуметтік желіден естіп, таңғалғанын жасырмады. Оның айтуынша, Баян Алагөзовамен осы уақытқа дейін бетпе-бет кездесіп, сөйлеспеген.

Бұл жаңалық мен үшін өте күтпеген жерден болды. Баянмен өмірде кездеспеген екенбіз, жеке таныстығымыз жоқ. Бірақ оның жұмыстарын сырттай бақылап, талантты продюсер ретінде құрметтеймін, - дейді Меруерт Өтекешева.

Меруерт Өтекешева Баян Алагөзованың бұл қадамын өнерге деген құрмет деп түсінетінін жеткізді.

Құман екеуіміз өмір бойы халық үшін еңбек еттік. Бізде бизнес болған жоқ, бір жалақыға қарап жұмыс істедік. Сондықтан Баян біздің жағдайымызды түсініп, осындай ізгі ниет танытып отыр деп ойлаймын», - деді актриса.

Продюсердің ұсынған сый-сияпатын қабылдау мәселесіне келгенде, Меруерт Өтекешева әлі нақты шешім айтпады. Себебі, екі тарап әлі кездесіп, жүзбе-жүз сөйлеспеген. Халықтың сүйікті актрисасына көрсетілген мұндай құрмет әлеуметтік желі қолданушыларының арасында жылы лебіз тудыруда. Ендігі кезек - қос өнер иесінің ресми кездесуінде.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий