Байбек Қазақстанға оралды: Экс-әкім жаңа қызметке тағайындалды

07.05.2026 19:22 Қарақат АСЫЛОВА
Байбек Қазақстанға оралды: Экс-әкім жаңа қызметке тағайындалды
4978
Бауыржан Байбек ірі комбинаттың директорлар кеңесін басқармақ

Қазақстанның бұрынғы жоғары лауазымды шенеунігі Бауыржан Байбек жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Politico.kz.

Ол қазіргі таңда Qazaq Kaolin тау-кен байыту комбинаты директорлар кеңесінің төрағасы қызметін ресми түрде атқарып отыр. Компания мәліметінше, Байбек бұл қызметке жоба толық іске қосылардан бірнеше ай бұрын келген. Алғашында кеңесші ретінде жұмыс бастаған ол кейін қысқа уақыт ішінде директорлар кеңесінің төрағасы лауазымына көтерілген.

Еске салсақ, 2022 жылдың ақпанында Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары қызметінен өз еркімен кеткеннен кейін Байбек шетелге кеткен еді. Сол уақытта ол Біріккен Араб Әмірліктерінде білім алып, Қазақстанға инвестиция тарту бағытында жобалармен айналысқан.

Кейін оның әпкесі Айгүл Байбектің айтуынша, экс-шенеунік Жапонияда жапон технологиялары мен капиталын Қазақстанға енгізуге бағытталған инновациялық жобаларды дамытуға кіріскен.

Қазір Байбек жетекшілік ететін Qazaq Kaolin компаниясы тау-кен байыту саласындағы ірі жобалардың бірі ретінде аталып жүр.

Войдите, чтобы оставить комментарий