"Байдан байға тоқал болып": Жан Ахмадиев Баян Мақсатқызы туралы не дейді?

03.12.2025 16:17 Мөлдір Талғат
0
58
Фото: ашық дереккөз. Суретте: Баян Алагөзова

Журналист әрі қоғам белсендісі Жан Ахмадиев Баян Мақсатқызына не үшін шүйліккенін түсіндірді, деп хабарлады POLITICO.KZ.

Ол бұл туралы “QazaqAiran” жобасында айтып, өткендегі әрекеттеріне қатысты өз көзқарасының өзгергенін жеткізді.

«Темір қатын деген рэпімді Баян Мақсатқызына арнап шығарғам. Ол кісі маған келіп ренжіді. Менің бұрқанып тұрған жас кезім еді. Қазір ойым өзгерді» дейді Ахмадиев.

Ол сол кезеңде әйелдер жөнінде тым қатал пікір айтқанын жасырмай, қазір мұның бәрін қателік деп қабылдайтынын атап өтті.

«“Әйелді аптасына бір рет сабап тұру керек” деп те айтқам. Бірақ оны айтқан бұрынғы Жан Ахмадиев. Қазір ойымды өзгерттім. Негізі мені асырап алған, шешем тастап кеткен. Содан кейін менде әйелдерге деген жеккөрініш қалып қойған ба деп ойлаймын. Шынымен біздің елде әйелдер бағаланбайды. Қазір еркектер ез болып кетті. Әйелдерін сабап, тепкілейді» деп ашық айтты ол.

Жан Ахмадиев барлық әйелдерден кешірім сұрап, өткен қателігін мойындады.

«Мені көріп отырған барлық әйел қауымынан кезінде айтқан сөзім үшін бас иіп кешірім сұраймын. Қателестім, қатемді мойындаймын» деді ол.

Айтулы жағдайға себеп болған “Темір қатын” рэпіндегі жолдар да қайта талқыға түсті. Онда:

«Күллі қазақ қатындары сол қатынның құлы болды
Темір қатын интернеттің таусылмайтын жыры болды.
Байдан байға тоқал болған бұл бәленің несі қызық?
Намысы бар еркек келіп кетті оның бетін бұзып» деп жазылған.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий