«Байдан-байға тиіп, бала туып»: Мөлдір Әуелбекова оқырманы жазған хатын жариялады

«Байдан-байға тиіп, бала туып»: Мөлдір Әуелбекова оқырманы жазған хатын жариялады
22.06.2025 11:35
0
618

Әнші Мөлдір Әуелбекова әлеуметтік желідегі парақшасында өзіне тыңдарманы жіберген хатты жариялады, деп хабарлады POLITICO.KZ Aikyn.kz-ке сілтеме жасап.

Хатта тыңдарманы әншіден бірнеше рет жағымсыз пікір жазғаны үшін кешірім сұраған.

«Хат келді. "Мөлдір ханым, сізді "байдан-байға тиіп, бала туып, түсінбеймін осыны"  деп, әр фотоңызға пікір жазған кездерім болды. "Өмір – бумеранг" дегенді енді түсініп тұрмын. Қызым екінші рет ажырасып үш баламен үйімде. Қатты қиналып отырмын. Кешірім сұраймын сізден. Мен білмей қалдым бұлай боларын!" деп жазыпты бір ханым. Ренішім жоқ. Ажырасу – өлім емес! Алла жеңілдігін берсін! Біреудің тағдырына қол сұқпайық! Әрбір жасағанымыз бен айтқанымыз өз өмірімізге келмейінше өмірден өтпейміз. Сақ болайық», – деп жазды ол.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий