Бектенов экономикасы: бізді не күтіп тұр?
291
12-ші Премьер-Министр Олжас Бектенов өз бағдарламасының тизерлерін Парламент депутаттарына көрсетті. Нөмірі бірінші мақсат - халықтың әл-ауқатын арттыру. "Ол үшін Үкімет батыл әрі тиімді қадамдар жасайды" деген анонс берілді.
Батыл қадамдар. Қазір бізге ең керегі осы болып тұр.
«Бұл жұмысты сөз жүзінде емес, іс жүзінде орындайтын уақыт жетті. Осылайша, біз озық даму жолына түсіп, ұлттық экономиканы шын мәнінде жаңа деңгейге шығарамыз», - деді Президент Мәжілістің жалпы отырысында.
Олжас Бектенов қысқа мерзімде Президент әкімшілігінде біраз фундаменталды қадам жасағанын айта кету керек. Ол қағаз есептердің барлығын қысқартып, өкілеттіліктің басым бөлігін Үкімет пен жергілікті органдарға берді. Оның "фиджитал оптимизация" бағытын ұстанатынын байқауға болады, яғни цифрге мүмкін болатын нәрсе цифрге көшеді, қағаз болмайды, бірақ аймақтарға өз аяғымен бару, өндірісті тексеру одан сайын артады.
Нақты салаларда мұнай-газ, көмір химиясы, металды терең өңдеу, машина жасау, автобөлшектер шығару, ауыл шаруашылығы, логистика бағыттары айтылды. Басты акцент өзгермейді, ол шикізат емес, өңдеу саласы.
Олжас Бектеновтен халық та, билік те реформалар күтіп отыр. Ешқандай кланға жатпайтындықтан, оған батыл қадам жасауға жол ашық. Оны әзілмен сөйлесек "даканца" идеологиясы деп атауға болады. Ал әзілсіз, Бектенов жұмысының нәтижелерін біз 2026 жылы көретін боламыз.
Айбар ОЛЖАЕВ, қаржыгер
Соңғы жаңалықтар
14.06.2026
14:25
Қазақстанда ым тілі ресми мәртебеге ие бола ма?...
14.06.2026
13:33
AMANAT пен Әділет бірікті
14.06.2026
12:28
Қазақстан мен Ресей шекарасындағы кептеліс неде...
14.06.2026
11:34
Тоқаев Дональд Трампты туған күнімен құттықтады
14.06.2026
11:03
Қазақстанның танымал сәулетшісі өмірден озды
14.06.2026
10:27
Алматыдағы 12 жасар баланың өлімі: 13-тегі күді...