"Белден төмен істемейді": Өнер қырандары актерінің денсаулығы сыр берді
1628
«Өнер қырандары» әзіл-сықақ театрының актері Меліс Наурызбековтің денсаулығы сыр берді. Бұл туралы театр директоры Мадияр Серікбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Politico.kz.
Оның айтуынша, актердің беліне ота жасалған. Дәрігерлер Меліс Наурызбековке кемінде алты ай бойы тынығып, ауыр қозғалыстан бас тартуға кеңес берген. Алайда актер гастрольдік сапарларға қатысып, сахнаға қайта шыққан.
Мадияр Серікбаевтың сөзінше, осыдан кейін актердің жағдайы қайта нашарлаған.
«Негізі 6 ай жат, тұрма деген. Амал жоқ концертке шығып кетті. Талдықорғанға әрең барып келгенде бір рет ем қабылдады. Кейін тағы да тұра алмай қалды. Концертке ауруды басатын дәрі егіп шықты. Қазір белден төмен қарай аяғы істемей қалып жатыр. Тұра алмай жатыр. Алла шипасын берсін», – деді театр директоры.
Сондай-ақ ол көпшіліктен актердің тезірек сауығып кетуіне тілекші болуды сұрады.
Соңғы жаңалықтар
13.09.2026
17:05
Арал ауданында учаскелік полиция инспекторы қаз...
13.09.2026
16:10
Қаскелеңде бір жылдан бері із-түзсіз кеткен әйе...
13.09.2026
15:14
Шетелдік блогермен видеоға түскен екі полиция қ...
13.09.2026
14:12
Головкин халықаралық спортта жоғары қызметке кө...
13.09.2026
13:15
Тоқаев Үндістанда Путиннің арнайы шақыруын алды
13.09.2026
12:06
Зеленскийден күтпеген мәлімдеме: Путинмен кезде...