Белгілі блогер-діндар Рүстем Жүгінісов әжетхана тазалап жүр

Белгілі блогер-діндар Рүстем Жүгінісов әжетхана тазалап жүр
видеодан алынған кадр

Белгілі діндар әрі блогер Рүстем Жүгінісов әлеуметтік желіде көпшіліктің назарын аударған видео жариялады. Онда ол қоғамдық әжетхананың ішін өз қолымен тазалап, тазалық пен әдебтілікке шақырды.

Видеода Рүстем Жүгінісов кейбір адамдардың дәрет алу кезінде су шашып кететінін айтып, бұл әрекеттің намаз оқитын жамағатқа теріс пікір қалыптастыратынын атап өтті:

"Кей жерлерде дәрет алатын уақытта мынадай етіп, суын шашып кететіндер болады. Содан кейін намаз оқымайтын кісілер 'намазхандар осылай шашып кетеді' деп жаман ойлайтын болады", — дейді ол.

Осы жағдайдан кейін Жүгінісов өзінен бұрын дәрет алып кеткен адамның орнын тазалап, ретке келтіргенін көрсетті.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу