Белгілі кәсіпкер өз-өзіне қол жұмсап қайтыс болды

02.03.2026 13:41 Мөлдір Талғат
Белгілі кәсіпкер өз-өзіне қол жұмсап қайтыс болды
718
Фото: SHOT

Мәскеуде белгілі кәсіпкер, Ресей Федерациясы Федерация кеңесінің бұрынғы мүшесі Умар Джабраилов қайтыс болды. Бұл туралы ресейлік БАҚ хабарлады.

Ақпаратқа сәйкес, 67 жастағы Джабраиловтың денесі басынан оқ тиген күйде қонақүйлердің бірінен табылған. Оның жанынан «Люгер» маркалы тапанша анықталған. Кәсіпкер ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оны аман алып қала алмаған. Алдын ала мәлімет бойынша, ол өзіне қол жұмсаған болуы мүмкін.

Умар Джабраилов — Шешенстаннан сайланған бұрынғы сенатор және Мәскеу заманауи өнер музейінің қамқоршылық кеңесінің төрағасы болған. 1990-жылдары ол Мәскеудегі ең бай кәсіпкерлердің бірі саналған. Алғашында жанармай құю станциялары желісіне иелік етіп, кейін қонақүй бизнесіне бет бұрған.

Оның есімі бірнеше даулы оқиғалармен байланысты. Атап айтқанда, 2017 жылы Four Seasons қонақүйінде болған атыс оқиғасы қоғамда резонанс тудырған. 2020 жылы да өзіне қол жұмсауға әрекет жасағаны хабарланған еді.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий