Белгілі өнер қайраткері өмірден өтті
Қобызшы, қазақтың алғашқы кәсіби музыкант қыздарының бірі Раушан Нұрпейісова 97 жасында дүниеден озды. Қайғылы хабарды журналист Дина Имамбай әлеуметтік желідегі жариялады, деп хабарлайды Politico.kz.
Раушан Түсіпбекқызы – әйгілі академик Ахмет Жұбановтың шәкірттерінің бірі. Ол ұзақ жылдар бойы Құрманғазы атындағы мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінде қобызшы болып еңбек еткен.
Өнер жолында ол белгілі қобызшылар Дәулет Мықтыбаев және Жаппас Қаламбаевпен бірге сахнада өнер көрсеткен.
1957 жылы Раушан Нұрпейісова Атырау қаласында музыкалық училищенің және Дина Нұрпейісова атындағы оркестрдің құрылуына үлес қосқан. Сонымен қатар оның есімімен қобызшыларға арналған арнайы байқау өткізіліп келеді.
Соңғы жылдары ол Астана қаласында ұлы – белгілі музыкант, мультиинструменталист Еділ Құсайыновтың қолында тұрған.
Ғасырға жуық ғұмыр кешкен Раушан Нұрпейісованың өмірі мен шығармашылығы қазақ музыкасының тарихында маңызды із қалдырды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...
28.10.2026
19:49
Қайрат Мақсұтов «Самұрық-Энерго» басқарма төрағ...
28.10.2026
19:28
Маңғыстау облыстық полиция департаментіне жаңа ...
28.10.2026
19:21
Айбар Олжаев Тоқаевтың Жолдауындағы құрылыс бас...