Белгілі режиссер мен жұбайын айуандықпен өлтіріп кетті: күдікті - ұлы
Лос-Анджелесте атақты голливудтық режиссер Роб Райнер мен оның жұбайы Мишель Райнердің қанға боялған мәйіттері өз үйлерінен табылды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Қос кісіні өлтіруге олардың ұлы күдікті ретінде қарастырылып отыр.
Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, қаза тапқандар жергілікті уақытпен шамамен 15:30-да Брентвуд ауданындағы жеке тұрғын үйден анықталған. Марқұмдардың денесінен көптеген пышақ жарақаттары табылған. Сонымен қатар өрт салдарынан мәйіттер қатты зақымдалып, алғашында оларды тану қиынға соққан.
Қазіргі уақытта қылмыс орнында полиция қызметкерлері мен LAPD-дің (Лос-Анджелес полиция департаменті) кісі өлтіру және тонау істері жөніндегі детективтері жұмыс істеуде. Аумақ толық қоршауға алынған. Тергеу амалдары жалғасып жатыр, қылмыстың нақты мән-жайы анықталуда.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
22:18
6 жылға сотталған: Путиннен Қазақстанға әскер к...
28.10.2026
22:15
«Біз КСРО-да өмір сүріп жатқан жоқпыз»: Сабина ...
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...
28.10.2026
19:49
Қайрат Мақсұтов «Самұрық-Энерго» басқарма төрағ...