«Бернлидегі» Дастан Сәтпаев тағы да ағылшындардың ықыласына бөленді
Қазақстандық футболшы Дастан Сәтпаев Англия Чемпионшипіндегі кезекті ойында шеберлігімен көзге түсті, деп хабарлайды Politico.kz.
18 жастағы шабуылшы «Норвичке» қарсы кездесуде «Бернлидің» негізгі құрамында алғаш рет алаңға шығып, 90 минут бойы өнер көрсетті.
Ойын нәтижесі «Бернли» үшін сәтсіз аяқталып, команда қарсыласына 1:4 есебімен жол берді. Алайда кездесудегі жеке көрсеткіштері бойынша Сәтпаев командадағы үздіктердің қатарынан көрінді.
Матч барысында қазақстандық ойыншы қақпаға үш соққы жасап, 28 пас берді. Оның 21-і дәл жетті. Сонымен қатар Сәтпаев қарсыласын алдап өтуге жеті рет талпынып, оның үшеуін сәтті орындады.
Кездесуден кейінгі статистикада да футболшының көрсеткіші жоғары бағаланды. «Бернлидің» бас бапкері Ники Хайен қазақстандық шабуылшының ойынына ерекше тоқталып, оны командадағы үздік футболшы деп атады.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
29.10.2026
14:19
TikTok-та «өнер» көрсеткен екінші адам да жазас...
29.10.2026
14:15
«Екі жарты бір бүтін»: Меруерт Түсіпбаева таным...
29.10.2026
14:01
Бектенов Мақсұтовтың неге кеткенін түсіндірді
29.10.2026
13:30
Атырауда қазандықта жарылыс болды (ВИДЕО)
29.10.2026
13:08
«Қолын қайырып алып кетті»: Павлодарда қайта са...
29.10.2026
13:03
«9 жыл бұрын екі жаққа кеткенбіз»: Олжас Абай б...