"Бесіктегі сәби де шетінеген": Алматы облысында газдан бір отбасы мүшелері көз жұмды
Алматы облысы Сарыбастау ауылында бір отбасы қайғылы жағдайда қаза тапты, деп хабарлайды Politico.kz Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
Марқұмдар тауда мал бағып отырған. Таудағы үйде 70 және 47 жастағы ағайынды ер адам, інісінің әйелі мен баласы тұрғаны белгілі болды.
Туыстарының айтуынша, отбасы мүшелері ұзақ уақыт байланысқа шықпаған соң, үйге адамдар кіріп қараған. Ерлі-зайыпты төсекте жатқан, ал 70 жастағы ағасы бір балағын киіп үлгеріп, сол жерде құлап қалған. Нәресте бесік арбада болған.
Алдын ала болжам бойынша, отбасы пештен шыққан иіске уланып қайтыс болған. Марқұмдар бүгін жер қойнына тапсырылды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
27.10.2026
19:53
Қызылорда полициясы атышулы жол апатына кінәлі ...
27.10.2026
19:20
«Ерен еңбегі үшін» медалі ел арасында қызу талқ...
27.10.2026
18:49
Айсултан Сейітов пен A$AP Rocky-дің жаңа клипі ...
27.10.2026
18:16
28 қазан, сағат 11:00: Тоқаев халыққа үн қатады
27.10.2026
17:56
«Бүгін жігіттерде той»: «Жігіттер» тобының әнші...
27.10.2026
17:25
Астанаға әкім, федерацияға президент: Жеңіс Қас...