«Бесінші әрекеттен кейін»: Дариға Бадықова сүйінші жаңалығын бөлісті
Актриса Дариға Бадықова әлеуметтік желідегі парақшасында көпшілікті тебіренткен жазба жариялады. Өнер иесі ұзақ уақыт сәби сүйе алмай жүрген бір отбасының ата-ана атанғанын айтып, қуанышын бөлісті, деп хабарлайды Politico.kz.
Дариғаның айтуынша, ол 2025 жылы «Мәриям» қорына хабарласып, есту қабілеті төмен әрі сөйлей алмайтын жанұяға көмек көрсеткен. Алғашқы әрекет сәтсіз аяқталғанымен, дәрігерлер емдеуді тоқтатпай, бесінші эмбрион салудан кейін оң нәтиже шыққан.
«Баланы болдық, урааа! Бесінші подсадка. 2025 жылы отбасын қуантқым келіп, “Мәриям” қорына хабарласып, есту қабілеті төмен, сөйлей алмайтын жанұяға балалы болуларына көмек бердім. Біріншісі түсік болды. Дәрігерлер бар күшін салды. Бесінші подсадкадан көтерді. Міне, бір отбасы балалы болды, шүкір», – деп жазды ол.
Сондай-ақ актриса бала сүйгісі келетін отбасыларға қолдау көрсету мақсатында «Мәриям» қорына тұрақты түрде садақа аударып тұратынын айтып, көпшілікті де қайырымдылық жасауға шақырды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...
28.10.2026
19:49
Қайрат Мақсұтов «Самұрық-Энерго» басқарма төрағ...
28.10.2026
19:28
Маңғыстау облыстық полиция департаментіне жаңа ...
28.10.2026
19:21
Айбар Олжаев Тоқаевтың Жолдауындағы құрылыс бас...