Бибісара Асаубаева өзбек шахматшысымен көзге түсті
Әлеуметтік желіде шахматшылар Бибісара Асаубаева мен Жавохир Синдаровтың қарым-қатынасы қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Politico.kz.
Екі жас спортшы да әлемдік деңгейде танылған гроссмейстерлер. Бибісара Асаубаева – 2004 жылы, ал Жавохир Синдаров 2005 жылы дүниеге келген. Екеуі де шахматтағы жоғары жетістіктерімен танылып, әлемдік рейтингтің үздік ондығына енген.
Желі қолданушылары олардың жиі бірге көрінуіне назар аударып, түрлі болжам жасай бастаған. Кейбірі оларды тек әріптес әрі дос десе, енді бірі арасындағы қарым-қатынас бұдан да жақын болуы мүмкін екенін алға тартуда.
Автордың жазуынша, спортшылар көрші тұрады және бірге жаттығып жүрген болуы мүмкін. Алайда жарияланған фотоларға қарағанда, олардың арасындағы байланыс өзгеше әсер қалдырады.
«Жастар бақытты болсын деп айтуға қимайды екенсің», – деп жазған автор.
Қазіргі таңда бұл тақырып желіде кеңінен талқыланып, қолданушылар түрлі пікір білдіруде.
Соңғы жаңалықтар