Бибісара Асаубаева жыл соңына дейін қазақ тілін толық меңгермек

06.07.2026 14:52 Абзал БАХЫТЖАНОВ
Бибісара Асаубаева жыл соңына дейін қазақ тілін толық меңгермек
208

Қазақстандық танымал шахматшы Бибісара Асаубаева 2026 жылдың соңына дейін қазақ және ағылшын тілдерін үйреніп бітуді жоспарлап отыр. Бұл туралы гроссмейстер өзінің Telegram-арнасында мәлім етті, деп хабарлайды Politico.kz.

Асаубаева қазақ тілінен өтіп жатқан онлайн-сабағының видеосын жариялады. Оның сөзіне қарағанда, қазір ол ауызекі сөзді жақсы түсінеді, алайда грамматиканы меңгеру әлі де қиындық тудырып жатыр.

"Жыл соңына дейін қазақ және ағылшын тілдері мәселесін жауып, келесі жылы француз немесе араб тілдерін үйренуді бастағым келеді. Әзірге өзім сөйлегеннен гөрі айтылған сөзді жақсырақ түсінемін, бірақ қалай сөйлеу керек екені туралы қандай да бір түсінік бар. Дегенмен грамматикалық ережелер кейде қиын болып жатыр", – деді Бибісара Асаубаева.

2023 жылы спортшы мемлекеттік тілді нашар білетінін жарыс кестесінің тығыздығымен және отбасында орыс тілінде сөйлесетінімен түсіндіріп, қоғам тарапынан сынға ұшыраған еді.

Айта кетсек, жақында ол әлемнің ең үздік шахматшысы атануды көздейтінін мәлімдеген болатын.

Войдите, чтобы оставить комментарий