"Бір аяғым протезге жарамай қалды": Тамара Асар саясатқа бет бұруына не себеп болғанын айтты

17.08.2026 10:26 Мөлдір ҚАЙНАР
87
Фото: видеодан скриншот

Қазақстанның Халық әртісі Тамара Асар отбасындағы ауыр қайғыдан кейін денсаулығы сыр беріп, саясатқа араласуға шешім қабылдағанын айтты, деп хабарлайды Politico.kz "Azamat live" YouTube арнасына сілтеме жасап.

Өнер иесінің сөзінше, отбасындағы ауыр күйзелістен кейін оның аутоиммундық ауруы қозып, жүріп-тұруы қиындаған.

"Былтырғы жыл біздің отбасымызға өте ауыр тиді. Жолдасымның 23 жастағы тұңғыш ұлы қайтыс болып, соған қатты қиналдым. Күйзелістің салдарынан аутоиммундық ауруға шалдығып, бір аяғым протезге жарамай қалды. Шетел аралап, емделуге мәжбүр болдық", – деді әнші.

Осы кезеңде ол еліміздегі протездік-ортопедиялық жүйеге үлкен өзгерістер керектігін түсініп, бұл мәселені заң жүзінде шешу үшін саясатқа бет бұрғанын жеткізді.

"Елімізде 752 мың мүгедектігі бар адам болса, соның 95 мыңы протездік-ортопедиялық көмекке мұқтаж. Бұл жүйені айналып өтуге болмайды, сауатты, саяси қадамдар керек. Маған алғаш болып Қазақстан халық партиясы хабарласты. Олардың бағдарламасында инклюзия тарауы болғандықтан, ұсынысты қабыл алдым", – деді өнер иесі.

Сондай-ақ Тамара Асар өнер адамдарының қоғамдық-саяси қызметке араласуын айыптауға болмайтынын, Олжас Сүлейменов пен Роза Бағланова сияқты тұлғалардың да ел тағдырына араласқанын тілге тиек етті.

Войдите, чтобы оставить комментарий