«Бір тиын қаламақы алмаған»: Шәмші Қалдаяқовтың келіні Шаханов туралы ел естімеген шындықты айтты  

24.04.2026 13:27 Әсел Мұрат
«Бір тиын қаламақы алмаған»: Шәмші Қалдаяқовтың келіні Шаханов туралы ел естімеген шындықты айтты  
237
Фото: коллаж Politico.kz

Танымал композитор Шәмші Қалдаяқовтың келіні Ботагөз Қалдаяқова жақында ғана өмірден өткен ақын, халық жазушысы Мұхтар Шаханов туралы естелігін жазып, жантебірентерлік жазба жариялады, деп хабарлайды Politico.kz.

Композитордың келінінің айтуынша, Мұхтар Шаханов –  Шәмші Қалдаяқовтың жақын досы әрі серігі болатын.

«Мұхтар аға туралы айтар болсам, менің жұбайым оны бала кезінен жақсы білетін. Ақын олардың Ленин көшесіндегі пәтеріне жиі келіп тұратын. 1991 жылы ел көлемінде 60 жылдық мерейтойына арналған концерттер сериясынан кейін Шәмші Қалдаяқов қатты сырқаттанып қалған кезде, оны Алматыға үйіне ауыр халде жеткізген — дәл Мұхтар Шаханов еді. Ол Шәмшінің ең жақын досы әрі серігі болатын», - деп жазды композитордың келіні.

Ботагөз Қалдаяқова Мұхтар Шахановтың сегіз жыл бойы авторлық қоғамдардан бірде-бір тиын қаламақы алмағанын айтты. Айтуынша, Мұхтар аға өмірінің соңғы екі жылында болса да, өз мұрасының қорғалуы жолында әділдіктің бар екенін көріп кетті.

«Мен Мұхтар Шахановпен 2024 жылдың соңында таныстым. Сол кезде біз оның Шәмші Қалдаяқовпен бірлесіп жазған әндеріне қатысты авторлық құқықтарды қорғау ісінде біздің қор оның мүддесін қорғайды деп келістік. Мені қатты таңғалдырғаны — Мұхтар Шахановтың сегіз жыл бойы авторлық қоғамдардан бірде-бір тиын қаламақы алмағаны. «Шәмші әлемі» қоғамдық қорының қажырлы еңбегінің арқасында біз Шахановтың сөзіне, Қалдаяқовтың әуеніне жазылған әндерді негізгі пайдаланушылардан әділ сыйақы төленуіне қол жеткіздік. Мұхтар аға өмірінің соңғы екі жылында болса да, өз мұрасының қорғалуы жолында әділдіктің бар екенін көріп кетті», - деп жазды ол.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий