"Тойға ерте емес пе": Актер Мұрат Бисембиннің қызы қалыңдық атанды

24.04.2026 14:12 Мөлдір Қайнар
276
Фото: instagram.com/jemappelledali

Танымал актер, марқұм Мұрат Бисембиннің қызы Диана Болатова қалыңдық атанды, деп хабарлайды Politico.kz 

Өнер иесінің қызы әлеуметтік желідегі парақшасында той көйлегін киіп, күйеу жігітімен түскен суреттерін жариялаған. Жазбасына сақина эмодзисын қалдыру арқылы қуанышты жаңалығын жеткізді.

Белгілі болғандай, Диана Болатованың таңдауы – Қазақстан регби ұлттық құрамасының капитаны, спортшы Мұхаммед Расул. Бұған дейін жарияланған фотолардан оның марқұм актермен де таныс болғанын байқауға болады.

Желі қолданушылары бұл жаңалықты әртүрлі қабылдады. Кейбірі актердің өмірден өткеніне бір жыл толмағанын айтып, мұндай қуанышқа әлі ерте екенін жазған.

Пікірлер арасында: «Әкеңіз жақында қайтты ғой, тойға ерте емес пе?», «Әкеңіз сіздің бақытты болғаныңызды қалайтын еді» деген көзқарастар айтылды.

Дегенмен көпшілік жас жұпқа бақыт тілеп, жылы лебіздерін білдіруде.

«Бақытты болыңыздар», «Өте жарасымды жұп», «Сіздер үшін қуаныштымыз, артын той болсын» деген пікірлер жиі жазылып жатыр.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий