«Бір жан бар, сол үшін ғана»: Мәдина Сәдуақасова киноға не себепті түскенін айтты

16.09.2026 09:18 Мөлдір ҚАЙНАР
«Бір жан бар, сол үшін ғана»: Мәдина Сәдуақасова киноға не себепті түскенін айтты
281
Фото: видеодан скриншот

Танымал әнші Мәдина Сәдуақасова өзінің кино әлеміндегі дебюттік рөлі, түсірілімге келісім беруінің басты себебін айтты, деп хабарлайды Politico.kz.

Өнер иесі әдетте кино жобалардан бас тартатынын, алайда бұл жолы ерекше жағдай болғанын әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Мен киноға мүлдем түспеймін! Бірақ осы жылы дебют болды менде. "14 күн" фильміне түскен себебім, ол жерде бір жан бар... сол үшін ғана. Бұл фильмде мен өз-өзімді ойнадым. Маған бұл рөл ұнады. Мені кинодан көріп, белгілеп жатқандарыңызға алғысым шексіз», – деп жазды әнші.

Сондай-ақ өнерпаз оқырмандарынан туындыны көрген-көрмегенін сұрап, фильмдегі өз бейнесі жайлы пікір білдіруді өтінді. Жұлдыздың бұл сыры көпшілікті қызықтырып, оның «ол жерде бір жан бар» деген жұмбақ сөзі желіде қызу талқыға түсті.

Войдите, чтобы оставить комментарий